• Бала күлкіге тоймас.
• Тайдың мінгені білінбес,
Баланың істегені білінбес.
• Қошқар болар тоқтының тұмсық жағы дөң келер;
Адам болар баланың маңдай алды кең келер.
• Ат болатын құлынның бауыры жазық келер,
Адам болар баланың маңдайы жазық келер.
• Ер бала өкпешіл болса,
Ұрысқа кесір болар.
Қыз бала өкпешіл болса,
Қалың малы көп болар.
• Балаға жұғыспа, пәлесі жұғады,
Қатынға жұғыспа, қарасы жұғады.
• Бала соққан кездіктің басы жарық.
• Ерке бала екі жылар.
• Бала ойынмен өседі.
• Ұл – орнындағы ту, қыз – ұшатын қу. (аққу)
• Әке ұрған ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.
• Атаға бала жеттім десе де, батпаң ширек кем туады.
• Болар елдің баласын сәнінен емес, сәлемінен таны.
• Атанымды атсаң да, ботамды атпа.
• Ұл кетті жайына, қыз кетті байына.
• Баланың аузымен періште сөйлейді.
• Есер баладан ерке бала жаман.
• Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас.
• Өспейтін бала өнбейтін дауды қуады.
• Өзі жығылған бала жыламайды.
• Өз балаңды өскенше, немереңді өлгенше бағасың.
• Аға адасса, іні із кесер.
• Өз ағасын ағалай алмаған кісі ағасын жағалай алмас.
• Алты қойы артық болса,
Інісі ағасына сәлем бермес.
• Туысы бірдің уысы бір.
• Аға жақсы болса, панасы бар,
Жаман болса, жабылар жаласы бар.
• Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана болмас.
• Жақсы қасиет нағашыдан жұғады.
• Жиен келді дегенше, жеті бөрі келді де.
• Жиенді ұрғанның қолы қалтырайды.
• Жаман күйеу қайыншыл.
• Пайғамбар да күйеуін сыйлаған.
• Қарағай бойы қар жауса,
Жұтамайды сауысқан.
Қанды қалпақ кисе де,
Қиыспайды туысқан.
• Ағайын – ағайынның айнасы.
• Ағайын өзгеге қиса да, өлімге қимайды.
• Екі ағайынды жігіттің кере қарыс жалы бар.
Жалғызбасты жігіттің шығар-шықпас жаны бар.
• Ақша қарда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.
Ағайыннан шет жүрсең,
Көңілін бір тарығар.
• Пышақ қанша өткір болса да, өз сабын жона алмайды
• Жаман ағайын күншіл,
Жақсы ағайын сыншыл.
• Жарлы болар жігіт байталын атқа сатады,
Жалғыз болар жігіт ағайынын жатқа сатады.
• Жақының үшін жақсының жағасынан алма.
• Адам өз қолын өзі кесе алмайды.
• Күнде жем тілеген атыңнан без,
Күнде сый сұраған жақыннан без.
• Арғымақ аттың құйрығы – әрі жібек, әрі қыл,
Ер жігіттің белгісі – әрі мырза, әрі құл.
• Тура ағаш – үйге тіреу,
Тура жігіт – елге тіреу.
• Арыстанды арыстандай жігіт алар.
• Ер жігітке серуен де – серуен, сергелдең де – серуен.
• Кемер белбеу – бел сәні,
Кемел жігіт – ел сәні.
• Жігіттің жігіті өз нәпсісіне ие болған.
• Бір жігіттің дәулетіне қырық жігіт мас болады.
• Ер жігіт үйден шықса, үйіріне қосылады.
• Жігітке ерлік те оңай, билік те оңай.
• Тебісіп жатсаң да, теңің болсын.
• Қыз алмаған жігіттің қырық қызда дәмесі бар.
• Пышақ болмас жетесіз,
Өзі болған жігіттің
Тегін сұрап не етесіз?
• Адам болар жігіттің жары өзіне лайық;
Керуен бастар жігіттің нары өзіне лайық.
• Жігітті жігерінен таны.
• Жігітсінген желбуаз келеді.
• Бөрі алатын жігіт бөрігінен белгілі,
Жау алатын жігіт серігінен белгілі.
• Жылуы болмаса, түбіт қасиетсіз,
Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз.
• Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.
• Жігіт болсаң, шоқ бол,
Шоқ болмасаң, жоқ бол.
• Көп ақымақтың ағасы болғанша,
Бір ақылдының інісі бол.
• Бай болайын деген жігіт айырбасшыл,
Адам болайын деген жігіт қарындасшыл.
• Пайдасы бар жігіттер дария шалқар көлмен тең;
Пайдасы жоқ жігіттер ел қонбайтын шөлмен тең.
• Нар малының жүні – жібек, сүті – бал,
Нар жігіттің аймағы – ел, алды мал.
• Түйе батыр шөл даладан өткенде,
Жігіт батыр еліне жау жеткенде.
• Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десе нанғысыз.
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.
• Қыздың қызылы қашса,
Жігіттің қызығы басылады.
• Қыз келіннен ғибрат алсын,
Ұл елінен ғибрат алсын.
• Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.
• Жерді шым, елді қыз біріктіреді.
• Ақылды қызға ана көп,
Аяулы жанға пана көп.
• Қатты айтқан қарындасқа жақпайды.
• Ханның қызы шөміш ұстаса, қолын күс басады.
• Тұзды көп сақтамаса, су болады,
Қызды көп сақтамаса, күң болады.
• Қырық жеті – қыздың құны.
• Жасауы бар қыздың күйеуі жуас.
• Кәрі қыз бала тапса, қоярға жер таппайды.
• Қыдырмашыл шешенің қызы бастаңғышыл.
• Мыржық жігітке ыржық қыз Ләйлісі болады.
• Әйелі өлген қызды ауылға қарап жылайды.
• Асыл әйел – әрі еркек, әрі қатын.
• Үйді қырық еркек толтыра алмайды, бір әйел толтырады.
• Қызға бергісіз қатын бар.
• Ақылды әйел күйеуінің ойнап айтқанын ойлап талдайды.
• Ерге жаққан қатын елге де жағады.
• Қапияда қатын ақыл табады.
• Қылымсыған қатын қызыл көйлек киеді.