Түркі филологиясына кіріспе пәні, оның мазмұны, қарастыратын мәселелері.

Түркі филологиясына кіріспе пәні, оның мазмұны, қарастыратын мәселелері.

            Түркі филологиясы гуманитарлық пән болғандықтан, оның аясындағы түркі жазба мәтіндері лингвистикалық, әдебиеттану және тарихи –мәдени зерттеу тұрғысынан қарастырылады. Жазба ескерткіштерді зерттеу тілдің тарихын, қоғамның рухани мәдениетін терең тануға мүмкіндік туғызады. Сондықтан «Түркі филологиясына кіріспе» курсы түркі халықтарының  тарихи- филологиялық, мәдени- идеологиялық проблемаларын зерттеуге ерекше көңіл бөледі. Түркі халықтарының үлесі дүниежүзілік мәдениетіне, адамзат   өркениетіне қосылып, сол негізде жас буынды ата мекенін сүюге, халықаралық ынтымақ пен бірлікке тәрбиелейді. Ғылым ғалымның жеке басы мен оның шығармашылығынан бөлек емес. Біздің елімізде және шет елде түркологияның негізгі даму кезеңдері көп дәрежеде көрнекті түрколог ғалымдардың ғылыми еңбек жолдарымен айқындалады.

Әдебиеттер:

  1. Айдаров Ғ. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі .- Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. -229 б
  2. Сартқожаұлы Қ. Байырғы түркі жазуының генезисі. Алматы: Арыс, 2007. -301 б
  3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. — Павлодар, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2010. – 255 б.
  4. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. — Алматы: Арыс, 2008. -470 б.
  5. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. — Алматы: Санат, 2009. -496 б.

Қосымша:

  1. 6. Махмұт Қашқари. Түркі сөздігі. Алматы, Сөздік-Словарь, 2006. -336 б
  2. 7. Түркі тілдері (Энциклопедиялық басылым). Астана: Фолиант, 2002. -699 б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *