Лексикалық артықтық – сөйлемде бір сөздің орнына екі сөздің немесе бір лексикалық мағынаның екі рет қайталануы арқылы жасалатын плеоназм мен тавтология құбылыстарының жалпы, ортақ атауы. Ол — ауызекі сөйлеу тілінде жиі ұшырасатын құбылыс. Мысалы: өз қолымды өзім кесейін бе? Өз құлағыма өзім сенбедім. Мұндай лексикалық артықтыққа жол беру көркем шығарманың авторы үшін әдеби нормадан ауытқу болып саналады.