ҚҰБЫЛТУ

ҚҰБЫЛТУ

Құбылту (грек. tropos – айналым, тіл оралымы, иін, иірім, сөз қолданысы) – атаудың немесе мағынаның ауыспалы түрде қолдану тәсілі. Сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп жеткізу тәсілі болып табылады. Бұл құбылыс әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де қажет. Заттар мен құбылыстардың алуан түрлі өзгеріс-күйлері, қимыл қозғалыстары, реңктері болады. Құбылту солардың бәрін біршама дәл бейнелеуге қызмет етеді. Құбылту сөздің нәзік иірімінің күш-қуатын ажарландырып, эмоционалды-экспрессивті мәнін бейнелі жеткізеді. Сөз бір мезгілде тура және астарлы мағынада қолданылады, бұлардың бір-бірімен байланысының өзі заттар мен құбылыстардың ұқсастығына қатысты болып келеді. Құбылту көркем әдебиет стилінде, публицистика мен ауызекі сөйлеуде жиі қолданыс тапқанымен, ғылыми-техникалық мәтіндерде, ресми ісқағаздарында қолданылмайды. Көркем мәтінде құбылтудың бірнеше түрі бір мезгілде қатар қолданыла береді. Мысалы, Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да (Абай). Құбылтудың бірнеше түрі бар: ауыстыру, алмастыру, кейіптеу, пернелеу, синекдоха.

Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. ІХ том. – Алматы, 1998.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *