ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЗБА ӘДЕБИ ТІЛІ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖАЗБА ӘДЕБИ ТІЛІ

XIX ғасырдың екінші жартысы – қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өмірінде болған түбегейлі тарихи өзгерістердің, әр алуан тартыстардың заманы болды. Қазақ тілінде тұңғыш баспасөз органдарының пайда болуы, қазақ тілінде кітап бастырудың дүниеге келуі жазба әдеби тілдің қалыптасуына әсерін тигізді. Ең үлкен оқиға – қазақ көркем әдебиетінің жаңа кезеңі басталды. Төл жазба әдебиеті туды. Араб, парсы, шағатай, орыс тіл де рінен аударылып, ауызша да, жазбаша түрде де тараған аударма әдебиет өмірге келді. Қысқасы, қазақтың әр алуан жанрдағы, әртүрлі мазмұндағы жазба әдебиеті жанданып, түрлері көбейе бастады. XIX ғасырдың II жартысы – қазақ тілінің статикасы (сол тұстағы қалыпты жай-күйі) мен динамикасына (дамуына) қоғам өмірінің тікелей қатты әсер еткен дәуірі болды. Өткен ғасырдың II жартысында тілді пайдалануда бұқарашылдық (демократизация) сипа ты болды, яғни жазба әдеби тіл шағын топтың (айталық, ислам дінін уағыздаушылардың) мүддесіне ғана қызмет етпей, оған қалың бұқара мүддесін өтеу талабы қойыла бастады. Осылардың барлығы жазба әдеби тілдің екі типінің қатар өмір сүруіне әкеп тіреді. Бірі – қазақтың ескі жазба әдеби тілінің сол тұста «кітаби тіл» аталған түрі, екіншісі – қазақтың ұлттық жаңа жазба әдеби тілі. Тіл қолданысын танытатын мынадай әдебиет нұсқалары болды:

1.       Халықтың ауыз әдебиеті шығармалары. Бұлардың басым көпшілігі бұрыннан келе жатқандар болды, бірақ ауызша жеткізіліп, тара луына байланысты осы кезеңнің өзінде жырланған варианттары болды. Ал кейбір жырлар осы дәуірде туды, олар XIX ғасырда болып өткен оқиғаларды, осы тұстағы жеке адамдарды бейнелейтін туындылар: «Айман-Шолпан», «Бекет батыр», «Мақпал-Сегіз» т.б.

2.       Қазақтың байырғы поэтикалық дәстүрін әрі қарай жалғастырған ақындардың өлең-жырлары. Ол ақындар: Сүйінбай, Майкөт, Бақтыбай, Күдері, Кемпірбай, Шөже, Түбек, Нұрым, Арыстан, Бала Ораз, Базар, Нысанбай, Досқожа, Майлықожа, Мәделіқожа, Біржан, Жаяу Мұса, Мұрат, Жамбыл т.б.

3.       Қазақтың ұлттық әдеби тілінің жаңа кезеңін бастаушы Абай мен Ыбырай шығармалары. Сонымен қатар Шәңгерей Бөкеев, Әбубәкір Кердері, Ақан сері Қорамсаұлы, Нұржан Наушабаев, Ақылбай, Мағауия сияқты жазба ақындардың туындылары өз кезеңіндегі қазақтың ұлттық әдеби тілін танытатын үлгілерден саналады.

4.       Қазақ тіліндегі тұңғыш баспасөз болып саналатын жергілікті әкімшілік органдары – «Түркістан уалаятының газеті»,«Дала уалаятының  газеті», «Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық листогы» атты газеттер.

5.       Патша үкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті әкімдердің қазақ тілінде жазысқан ресми-кеңсе қағаздары (бұйрықтары, шағымдары т.б.).

6.       Шығыстың классикалық әдебиетінің қазақша еркін аудармалары, яғни шығыс сюжеттерін қайталап қазақша жырлаған туындылар: «Шаһнама», «Ләйлі-Мәжнүн», «Жүсіп-Зылиха», «Фархад-Шырын», «Ес кен дір», «Мұңлық-Зарлық», «Сейфүлмәлік», «Бозжігіт», «Шахмаран», «Шәкір-Шәкірат» т.б.

7.       Ислам дінін уағыздап, оның пайғамбары мен әулиелерін дәріптейтін таза діни тақырыпта «кітаби тілде» жазылған қиссалар («Салсал», «Зарқұм», «Жұмжұма», «Кербаланың шөлінде» т.б.) мен ислам діні канондарының аудармасы: Әбубәкір «Исламның бес парызы», Нұржан Наушабаев «Қырық қадис» т.б.

8.       Өткен ғасырдың II жартысында тұңғыш пайда болған қазақ тілінің алғашқы грамматикалары мен хрестоматиялары, оқулықтар және екі тілді сөздіктер: Н.И.Ильминский «Материалы к изучению киргизского наречия». -Казань, 1861; А.Е.Алекторов «К мудрости ступенька». Азбука для учеников начальных русско-киргизских школ.

— М., 1891 және «Киргизская хрестоматия». — Оренбург, 1898 т.б.

9.       Көпшілікке арналып, медицина, ветеринария т.б. қатысты тақырыптарға жазылған кітапшалар: «Трахома деген жаман көз ауру». — Қазан, 1898; «Егіншінің қызмет аты жайында». — Орынбор, 1899 т.б.

10.   Миссионерлік мақсатпен жазылған, христиан дінінің канондарын қазақ тілінде түсіндіріп уағыздайтын кітаптар: «Евангелие». — Қазан, 1899; «Езги Иосиф». — Қазан, 1892 т.б.

Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысында қазақ әдеби тілінің басты стилі – көркем әдебиетте, оның ішінде поэзия тілінде өзгеріс-жаңа лықтар мен даму белгілері айқын көрінеді, бірақ үлкен сапалық өзгеріс Абай шығармалары тілінен басталады. Оған дейінгі және онымен тұстас қазақ  ақындарының тілі, әсіресе ауызша тараған үлгіде жырлағандардың сөз  өрнегі бұрынғы дәстүрдің жалғасы болып танылады.

Р.Сыздық. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы, 2014

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *