КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТ

КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТ

Коммуникативтік қызмет (лат. communicatio — жалпы жасаймын, байланыстырамын) — әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Лингвистикада тілдің коммуникативтік, когнитивтік, прагматикалық қызметтері бар. Күнделікті тіршілігіміздегі, қоғамдық-әлеуметтік ортадағы адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасы, тіптен ауызша сөйлесуінің өзі тілдің  коммуникативтік қызметінің алғашқы формаларының бірі болып саналады. Біздің күнделікті өмірімізде тіл қызметінің осы түрі жиі қолданылады. Бұл жерде коммуникация тікелей болғандықтан мұнда ең алдымен ауызекі тіл қолданысқа түседі, бейвербалды амалдар, яғни мимика, ым, ишаралар сөзбен теңдей дәрежеде молынан қолданылады. Мәселен, бас изеу – белгілі бір нәрсемен келісуді білдірсе, таңғалу – иығын көтеріп, таңдайын қағуды білдіреді.  Күнделікті өмірде мұндай бейвербалды амалдарды көптеп кездестіреміз. Бұл контактілі қарым-қатынастың негізгі ерекшелігі. Тілдің әлеуметтік маңызының артуы, жаһандық желілер арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігінің туындауы бір аймақтық шеңберде ғана емес, жалпы ғаламдық коммуникативтік қызмет жүйелерін қалыптастыру мүмкіндігін тудырды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *