КОММУНИКАНТ
Коммуникант (лат. communicant – айтушы-тыңдаушы, жазушыоқушы, жіберуші-қабылдаушы) – коммуникацияға түсетін қандай да бір субьект. Лингвистикада коммуникант хабарды туғызушы мен түсіндіруші немесе жіберуші мен алушы түрінде болады. Коммуникант қатарына қарым-қатынасқа түсе алатын компьютерлік бағдарламалар сияқты жансыз субьектілер де жатады.
КОММУНИКАТОР
Коммуникатор (ағылш. сommunicator — реттеуші) – белгілі бір мақсат негізінде сөздерімен, интонациясымен, әрекетімен белгілі бір субъектіге қарсы қарым-қатынасқа түсуші. Коммуникаторға қара мақарсы субьект – ешқандай мақсатсыз қатынасқа түсетін қара пайым адам. Коммуникатор қарсыласының ойын алдын ала болжап, жауабын дайындайды. Коммуникатор сөйлеу барысында кәсіби сөздерді жиі қолданады. Ол жағдаятқа қарай кәсіби тәсілді таңдап, қажет нәтижеге қол жеткізу үшін тікелей және ашық сөйлесу әрекетіне көшеді.