ӘБУ БӘКР АХМЕД ӘЛ-ХАМАДАНИ, Әбу Бәкр Ахмед ибн Мұхаммед ибн Исхақ әл-Хамадани ибн әл-Факих

ӘБУ БӘКР АХМЕД ӘЛ-ХАМАДАНИ, Әбу Бәкр Ахмед ибн Мұхаммед ибн Исхақ әл-Хамадани ибн әл-Факих (т.-ө.ж.б.) — 9 ғ-дың ақыры мен 10 ғ-дың басында өмір сүрген араб географы, тарихшы. Өмірбаяны туралы деректер бізге толық жетпеген. “Китаб ахбар әл-бұлдан” (“Өзге елдер туралы әңгімелер кітабы”) аталатын 5 томдық географиялық жинағында (902/03 ж.) Қазақстанды мекендеген түркі тайпаларының тұрмыс-салты, рухани мәдениеті жөнінде, сондай-ақ Иран, Мауераннахр туралы құнды геогр. деректер келтірілген. Еңбектің қысқартылып өңделген нұсқасын М. де Гуе 1885 ж. басып шығарды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *