Д’АЛАМБЕР-ЭЙЛЕР ПАРАДОКСЫ (грекше «парадохос – күтпеген, ға- жап») – гидродинамиканың тұтқырлығынан құйындатылудан және жылдамдық- тың беттік үзілістерінен айырылған дененің шексіз сұйық ішіндегі бірқалыпты және түзусызықты қозғалысы кезінде сұйық тарапынан дене қозғалысына ықпал ететін кедергілердің қорытқы күші нөлге тең болады делінетін ережесі [1744 жылы француз математигі Жан Д’Аламбер (1717–1783) және 1745 жылы швей- цар математигі Леонард Эйлер (1707–1783) тұжырымдаған]. Кедергінің физика- лық тұрғыда болмауының себебі аталған шарттар кезінде қозғалыстағы дененің соңында сұйық ағынының тұйықталуы керек деп түсіндірілген.
Шындығында дене сұйықта немесе газда қозғалған кезде әрқашан кедергіге ұшырайды. Шындық жағдай мен Д’Аламбер-Эйлер парадоксының арасындағы қайшылық нақты ортада парадокс дәлелдемесіне негіз болған жорамалдардың орындалмауымен түсіндіріледі. Дененің сұйықтағы қозғалысы кезінде әрқашан сұйықтың тұтқырлығы әсер етеді, құйындар (әсіресе дененің соңғы жағында) түзілетін болады және жылдамдықтардың үзілістері пайда болады. Осы термодинамикалық қайтымсыз үрдістер дененің қозғалысына сұйық тарапынан кедергі келтіреді.