Д’АЛАМБЕР-ЛАГРАНЖ ПРИНЦИПІ – механиканың негізгі принциптерінің бірі, динамика мен статиканың есептерін шешудің жалпы әдісін қалыптастыратын принцип; мүмкін болатын орын ауыстыру принципі мен Д’Аламбер принципін біріктірген. Егер механикалық жүйенің нүктелеріне әсер етуші активті күштерді Fi инерция күшімен Ji біріктіресе, онда Д’Аламбер-Лагранж принципіне сәйкес идеал байланысы болатын механикалық жүйенің қозғалысы кезінде әрбір уақыт мезетінде активті күштердің қарапайым жұмыстарының ܣߜ және инерцияның қарапайым жұмыстарының ܣߜ௨ кез келген мүмкін болатын орын ауыстыру жүйелерінің қосындысы нөлге тең болады. Д’Аламбер-Лагранж принципі математикалық формула түрінде мынадай теңдікпен өрнектеледі:
Σ немесе ∑(Fi cosαi +Ji cosβδi ) si = 0.
Мұндағы ݏߜ – жүйенің мүмкін болатын орын ауыстыру нүктесінің шамасы, αі және βі – сәйкес күштермен және мүмкін болатын орын ауыстыру бағыттарының арасындағы бұрыштар, Ji = –miwi – инерция күштері, мұндағы mi – жүйе нүктелерінің массалары, wi – олардың үдеулері. Д’Аламбер-Лагранж принципінің артықшылығы идеал байланысы болатын жүйенің қозғалысын теңдеуге белгісіз реакция байланысын ендірмей-ақ зерттеуге мүмкіндік туғызған.