Д’АЛАМБЕР ПРИНЦИПІ

Д’АЛАМБЕР ПРИНЦИПІ (латынша «принсипиум – бастамасы, негізі») – динамиканың негізгі принциптерінің бірі, бұл принцип бойынша, егер механикалық жүйенің нүктелеріне әсер етуші берілген (активті) күштерге және байланыстарға әсер етуші реакцияларға инерциялық күштер қосылатын болса, онда күштердің теңгерілген жүйесі пайда болады. 1743 жылы француз математигі Жан Д’Аламбер (1717–1783) ұсынған. Бұл принцип Fi + Ni + Ji = 0 өрнегі түрінде жазылады, мұндағы Fi – i нүктесіне әсер етуші активті күш, Ni – байланыс нүктесіне түсірілген реакция, Ji – инерция күш.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *