ӘБУ БӘКР, Әбу Бәкр ас-Сидиқ Абдаллаһ ибн Әби Кахафа Усман ибн Әмір ибн Амур әл-Құрашиа ат-Тамики 

ӘБУ БӘКРӘбу Бәкр ас-Сидиқ Абдаллаһ ибн Әби Кахафа Усман ибн Әмір ибн Амур әл-Құрашиа ат-Тамики (573 – 636) – Мұхаммед пайғамбардың (с. ғ. с.) ізбасары, мұсылмандардыңалғашқы халифы. Алланың елшісін, Құранды ақиқат деп алғаш мойындаған кісілердің бірі. Кейбір мұсылман дереккөздерінде ол ислам дінін Мұхаммедтен кейін қабылдаған бірінші ер адам деп беріледі. Пайғамбардың дін жолындағы ғазауат соғыстарында бірге болған. 631 жылы мұсылмандардың Мединеден Меккеге барған 1-ші қажылық сапарына басшылық еткен. 632 жылы Мұхаммед пайғамбар (с. ғ. с.) қайтыс болғаннан кейін, Әбу Бәкір Мекке мен Медине мұсылмандары қауымының басшысы болды. Бұл кезде ислам ықпалы Батыс Арабия аумағымен шектелетін. Әбу Бәкір бәдәуи тайпаларын бір тудың астына жинап, мұсылмандықты бүкіл Араб жеріне таратты, Сирия мен Иракқа жеткізді. Исламды қабылдаған тұңғыш қажылықсапарында Әбу Бәкір өз қаржысының жарымынан көбін (50 мың динардың 35 мыңын) кедейлерге, құлдарды азат етуге, дінжолындағы соғыс құралдарын алуға жұмсаған. Ол азат еткен құлдардың ішінде алғашқы азаншы Билал Хабаш бар еді. Әбу Бәкір жинаған пайғамбар хадистері ішінен ғұламалар 142-сін алған. Пайғамбар қазасы оны қатты уайымға түсіреді. Ақыры сол уайым өтіп, халифтық таққа отырғанына 2 жыл 7 ай болғанда дүниеден қайтқан. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *