ҒАРЫШТЫҚ ПЛАЗМА

ҒАРЫШТЫҚ ПЛАЗМА – ғарыштық кеңістіктегі және ғарыштық нысандардағы (объектілердегі): жұлдыздардағы, жұлдыздар атмосферасындағы, галактикалық тұмандықтардағы, т.б. плазма. Плазмалық күй – ғаламдық заттарда ең көп таралған күй. Жер төңірегіндегі ғарыштық кеңістіктегі 350 км биіктіктегі тығыздығы (n) жуық шамамен ~105 см–3-ке тең болатын ғарыштық плазманы; Жердің радиациялық белдеуінің және магнитсферасының плазмасын (n~107 cм–3), Жердің бірнеше радиусына тең болатын биіктікке дейін созылып жатқан (бөлшектерінің тығыздығы ~102 cм–3-ке тең деп сипатталатын) плазмасфераны – ионсфера плазмасы ретінде қарастыруға болады. Күннен жан-жаққа радиал бағытта таралатын Күн плазмасының (Күн желінің) тығыздығы ~1 – 10 см–3-ке тең. Ғарыштық плазманың ең аз тығыздығы жұлдызаралық және галактикааралық кеңістіктерде (n ≈ 10–3 – 10–4 cм–3) кездеседі. Мұндай ғарыштық плазмаларда, әдетте, термодинамикалық тепе-теңдік (дербес жағдайда электрондық және иондық құраушы бөліктер аралығында) болмайды. Тез өтетін үрдістердегі (процестердегі) мысалы, соққы толқындардағы плазма соққылаусыз өтеді. Күнді және жұлдызды сырт жағынан ортасына қарай тығыздығы біртіндеп артатын (тәж, хромсфера, фотосфера, конвекциялы аймақ, ядро) ғарыштық ұйысқан алып плазма ретінде қарастыруға болады. Ғарыштық плазма идеал газ болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *