ҒАРЫШТЫҚ ЖЫЛДАМДЫҚТАР

ҒАРЫШТЫҚ ЖЫЛДАМДЫҚТАР – дененің Жер бетінен ұшып шығып Жердің жасанды серігіне айналуы үшін, Жерден тысқары ғарыштық кеңістікке ұшып шығу және Күн жүйесінен тысқары ұшып кетуге қажет болатын жылдамдықтар. Дененің Жер бетінен ұшып шығып, Жердің жасанды серігіне айналуға қажет жылдамдықты ғарыштық бірінші жылдамдық деп, жер бетінен Жердің жасанды серігі орбитасына шығып, Жердің тарту күшін жеңіп, одан тысқары әрі қарай, ғарыштық кеңістікке ұшуына қажет жылдамдықты – ғарыштық екінші жылдамдық деп, ал Күн жүйесінен тысқары жұлдызаралық кеңістікке ұшып кету үшін Жердің және Күннің тарту күштерін жеңіп шығатын жылдамдықты – ғарыштық үшінші жылдамдық деп атаған.
Ғарыштық бірінші жылдамдық – ғарыштық аппараттың Жердің гравитациялық өрісінде Жердің жасанды серігіне айналатын ең аз жылдамдық. Бұл жылдамдық υ1 = GM r/ формуласымен есептеліп анықталады, мұндағы GM = 398603 км/сек2 (G – гравитациялық тұрақты, М – Жердің массасы). Ғарыштық бірінші жылдамдық – д ө ң г е л е к жылдамдық деп аталған. Ғарыштық бірінші жылдамдықтың мәні υ1 = 7,91 км/сек.
Ғарыштық екінші жылдамдық – ғарыштық аппараттың Жердің әсер ету аймағынан шығып Күннің жасанды серігіне айналуына қажетті ең аз жылдамдық. Мұнымен қатар басқаша атаулар да қолданылады; қашықтау жылдамдығы, шығып кету жылдамдығы, сондай-ақ п а р а б о л а л ы қ жылдамдық, себебі ғарыштық аппарат υII жылдамдық басталар алдында параболалық траектория бойынша қозғалып Жерден қашықтайтын болады. параболалық жылдамдықтан кем жылдамдық э л л и п с т і к жылдамдық, ал одан артық жылдамдық – г и п е р б о л а л ы қ жылдамдық деп аталған. Ғарыштық екінші жылдамдық υII = GM r/ формуласы бойынша анықталады, ол жылдамдық υII =11,186 км/сек.
Ғарыштық үшінші жылдамдық – Жерден ұшырылған ғарыштық аппараттың Күннің тарту күшін жеңіп Күн жүйесінен тысқары шығып кетуге қажет ең аз жылдамдық. Бұл жылдамдық ғарыштық аппараттың Жердің әсер ету шекарасы аймағына жеткенде Күнге қатысты параболалық жылдамдыққа ие болуы шарт.
Сол себепті υIІІІ = 16,67 км/сек-қа тең болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *