• Көпке сөзің ұнаса, шешендіктің белгісі,
Көп ішінде сөйлеген көсемдіктің белгісі.
• Жүзден біреу шешен,
Мыңнан біреу көсем.
• Басшысын таппаған ел азады,
Жолдасын таппаған ер азады.
• Көргені жақсы көш бастар.
• Азатын елді ұрысы билейді.
Озатын елді дұрысы билейді.
• Жақсыдан әкім қойсаң, елді түзетер,
Жаманнан әкім қойсаң, елді жүдетер.
• Құл жиналып бас болмас,
Құм жиналып тас болмас.
• Әмірші есірсе, әлеумет сорлайды.
• Ата баласының ат меңіндей белгісі болады.
• Атадан жаман ұл туса, елдің малын жейді.
• Жеті атасын білмеген жетімдік белгісі.
• Құлыныңда кісінемеген ат болар,
Атасын көрмеген ұл жат болар.
• Соры қалың әкенің
Кер бағып ұлы өседі,
Сөз бағып қызы өседі.
• Он бала бір әкеге жүк болмайды,
Бір әке он балаға жүк болады.
• Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.
• Үйінде атасы бардың берер батасы бар.
• Анаңа рақым етпесең, балаңнан рақым күтпе.
• Ата даңқымен қыз өтер,
Мата даңқымен бөз өтер.
• Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
• Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
• Әйелді жаман десең, анаң соның ішінде.
• Ана баласын арыстанның аузынан алады.
• Мылқаудың тілін анасы біледі.
• Анасын сыйламағанды адал деме,
Ұстазын сыйламағанды адам деме.
• Тапқан ана емес, баққан ана.
• Бұтақтың жақсылығы сағасынан,
Баланың жақсылығы анасынан.
• Атаның салған жолы бар,
Ананың тіккен тоны бар.
• Әке жүрегі таудан үлкен,
Ана жүрегі теңізден терең.
• Бала – әкенің білек еті,
Ананың жүрек еті.
• Бір бала атаға жете туады,
Бір бала атадан өте туады,
Бір бала кейін қарай кете туады.
• Бала болсаң, болғандай бол,
Ағайынға қорғандай бол.
• Баланың жақсысы – сүйініш,
Жаманы – күйініш.
• Бай баласы балпаң,
Жарлы баласы жалтаң.
• Баланы ақырып үйретпе, ақырын үйрет.
• Бала өсті дегенше,
Батыр өсті десейші.
Батыр өнер білмесе,
Қапыл өсті десейші.
• Бесіктегі бала ененікі,
Ат үстіндегі бала елдікі.
• Болар бала бесікте бұлқынар,
Болар құлын желіде жұлқынар.
• Талапты бала талпынған құстай,
Құмары қанбас биікке ұшпай.
• Адам болар бала алысқа қарайды.