ҒАЖАП БӨЛШЕКТЕР

ҒАЖАП БӨЛШЕКТЕР – ғажаптылығының (S) кванттық саны нөл болмайтын («кәдімгі», «ғажап емес» бөлшектерден айырмашылығы, мысалы, π-мезондар, нуклондар үшін S = 0) адрондар және өзгедей ерекше сипаттама- лары – «таңырқарлық», «сұлулық» нөлдік мәнді болатын адрондар. Ғажап бөлшектерге К-мезондар, гиперондар, кейбір резонанстар жатады. Бүкіл ғажап бөлшектер тұрақсыз. Ғажап бөлшектер күшті өзараәсерлесу нәтижесінде өте тез (~10–23 секундтай уақытта) ыдырап кетеді; ғажаптылық өнімдерінің қосындысы олардың бастапқы ыдырайтын бөлшектерінің ғажаптылықтарының қосынды- сына тең. Өзгедей ғажап бөлшектер квазитұрақты және әлсіз өзараәсерлесу нәтижесінде салыстырмалы түрде ғажаптығы аз бөлшекке, «ғажап емес» бөлшекке және (немесе) лептондарға баяу (~10–8 – 10–10 сек уақытта) ыдырайды, осы жағдайда ыдырау өнімдерінің ғажаптылық қосындысы модулі бойынша бастапқы бөлшек- тің ғажаптылығынан 1-ге кем болады. Ғажап бөлшектер жоғары ықтималдық- пен «кәдімгі» адрондардың күшті өзараәсерлесуі кезіндегі соқтығысулардан туындайды, бірақ бұлар міндетті түрде жұптар болып (немесе одан да көп мөлшерде) пайда болады, олардың қосынды ғажаптылығы нөлге тең болуы керек. Ғажап бөлшектер «кәдімгі» бөлшектерге әлсіз өзараәсерлесу есебінен, өте аз ықтималдықпен туындайды. Бөлшектердің тәртібіндегі осы «ғажаптылығы» олардың ғажап деп аталуына себеп болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *