ГРЮНАЙЗЕН ЗАҢЫ

ГРЮНАЙЗЕН ЗАҢЫ – қатты дененің (тұрақты көлемі кезінде) жылулық ұлғаю коэффициентінің (α) жылусыйымдылыққа (Сv) қатынасының температураға тәуелді болмайтындығын анықтаған заң. Жай кристалдық торлары болатын (көпшілік элементтер және бірқатар қосылыстар, мысалы галогенидтер үшін) кристалдар үшін: α/Сv = θДVdθД/dр, мұндағы θД – Дебай температурасы, V – дененің көлемі, р – қысым.
Бұл заңды 1908 жылы неміс физигі Эдвард Грюнайзен (1877 – 1949) эмпириялық жолмен анықтаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *