
ГРАММ (латынша және грекше «грамма – салмақтың кіші өлшеуіші») – СГС жүйесінде массаның негізгі бірлігі, Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) үлестік бірлік (0,001 кг), ең таза химиялық судың ең тығыз температурасында (жуық шамамен 4°С-та) 1 см3 көлемдегі массасы (0,2% дәлдікпен) 1 граммға тең.