
ГРАДИЕНТ (латынша «градиентис – жүретін, адымдайтын») – векторлық талдаудың скаляр өріске векторлық өрісті салыстыратын негізгі амалдарының бірі. grad векторы өрістің әрбір нүктесіндегі бағытты көрсетеді; grad векторы өрістің әлгі бағыттағы арту жылдамдығына тең.