ГРАВИТОН

ГРАВИТОН – гравитациялық өрістің кванты. Жалпы салыстырмалық тео- рия бойынша гравитациялық өрістің ұйытқулары вакуумда гравитациялық толқындар түрінде таралады. Электрмагниттік өрістің кванты – фотон ұғымына әкеп соқтыратын осы өрісті кванттауға ұқсас гравитациялық толқындар өрісін кванттау гравитациялық өрістің кванты – гравитон ұғымына әкеледі. Гравитонның энергиялары мен импульстерінің қосындысы гравитациялық толқындардың энергиясы мен импульсін анықтайды. Спині 1-ге тең фотоннан гравитонның айырмашылығы оның спині 2-ге тең (h бірліктерімен), бұл жайт гравитациялық өзараәсерлесудің тензорлық сипатын бейнелейді. Гравитонның тыныштықтағы массасының нөлге тең болуы қажет, ал жылдамдығы – бос- тықта жарық жылдамдығына тең. Бөлшектердің және антибөлшектердің аннигиляциясы және жұптардың тууы, мысалы, е+ + е- ↔ g + g кезінде гравитондардың (g) пайда болуы және жойылуы мүмкін. Бірақ мұның ықтималдығы туу үрдісі фотондардың туу ықтималдығынан 1030 – 1040 есе кем. Сондықтан апаттық ғарыштық құбылыстар кезінде жоғары энергиялы гравитондардың шығаруы аз болмақ. Гравитациялық өзараәсерлесу өте әлсіз болғандықтан гравитондарды анықтау мүмкіндігі әзірше ғылыми тәжірибелерден сырт қалуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *