ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯ

ГРАВИТАЦИЯЛЫҚ ЭНЕРГИЯ, к л а с с и к а л ы қ ф и з и к а д а ғ ы – денелер (бөлшектер) жүйелерінің өзара тартылысына байланысты пайда болатын потенциалдық энергия. Мұның екі дене үшін абсолюттік мәні осы денелер массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал және денелер арасындағы арақашықтыққа кері пропорционал болады. Гравитациялық энергияның нөлі ретінде оның бір-бірінен шексіз алыс қашықтықтағы, яғни денелер үшін, олардың арасында гравитациялық өзараәсерлесуі жоқ кезіндегі мәні алынған. Денелер жақындаған кезде тартылыс күші тартылыстың потенциалдық энергиясы яғни гравитациялық энергия есебінен жұмыс жасайды. Осы себепті шекті қашықтықта орналасқан кез келген денелер жүйелері үшін гравитациялық энергия теріс болады. Оқшауланған денелер жүйелері үшін гравитациялық энергия байланыс энергиясы болып табылады.
Оқшауланған денелер жүйелерінің толық энергиясы, олардың кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысына тең, уақыт бойынша 227 сақталады. Орташа гравитациялық энергия абсолюттік шамасы бойынша олардың орташа кинетикалық энергиясынан екі есе артық. Сол себепті осындай жүйенің толық энергиясы теріс және гравитациялық энергияның жартысына тең болады. Толық энергиясы оң, яғни кинетикалық энергиясы гравитациялық энергиядан артық жүйе орнықты бола алмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *