ӘБУ ӘЛИ АХМЕД ИБН МИСКАВЕЙХ

ӘБУ ӘЛИ АХМЕД ИБН МИСКАВЕЙХ, Әбу Әли Ахмед ибн Мұхаммед ибн Мискавейх (туған жылы белгісіз — 1030) — араб тілінде жазған тарихшы, философ, ғалым.Ирандатуған.Өмірбаяндық деректері бізге жетпеген. “Китаб тәджәриб әл-умам” (“Халықтар тәжірибесі жөніндегі кітаптар”) атты 6 томдық тарихи шығарма жазған. Тәджәриб ат-Табарижазған дәуір мен 983 ж. аралығындағы тарихи кезеңге арналған аса құнды осы тарихи шығармада атақты парсы билеушілері— Аббас әулетінің ішкі-сыртқы саясаты, әкімшілік жүйесі, экономикасы туралы баяндалады. Сондай-ақ Шығыс Еуропа мен Орталық Азия халықтары, оның ішінде түркі тайпалары жөнінде деректер келтіріледі. Бұл мағлұматтар аталған елдердің ортағасырлық тарихын жазуда кеңінен пайдаланылды. Шығарманы ағылшын шығыстанушысы Л. Каэтани 1909 — 19 ж. жарыққа шығарды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *