ГИДРОАЭРОМЕХАНИКА

ГИДРОАЭРОМЕХАНИКА (грекше «гидро – су», «аер – ауа» + «механикс – машина жасау өнері») – механиканың сұйықтар мен газ тәрізді орталардың тепе-теңдігін және қозғалыстарын, сонымен қатар бұлардың өзара және қатты денелерді орағытып ағуын зерттеуге арналған саласы. Бұл сала теңізде жүзу және әскери істегі қолданбалық сұраныстарға байланысты дамытылды. Біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда сұйықтардың тепе-теңдік теориясының және денелердің жүзуінің негізі болған гидростатиканың заңдары ашылған. Дененің сұйықтағы қозғалысы кезінде оған әсер ететін кедергілер мен күштерді анықтай- тын заңдарды 1687 жылы алғаш рет ағылшын ғылымы Исаак Ньютон (1643 – 1727) тұжырымдады. Осылайша теориялық гидродинамиканы қалыптасты- руға жол ашылған. Швейцар ғалымы Леонард Эйлер (1707 – 1783) қорытып шығарған гидродинамиканың идеал сұйықтар қозғалысына арналған Эйлер теңдеулері гидроаэромеханиканың көптеген мәселелерін аналитикалық әдістермен шешуге мүмкіндік берді. Бірақ тұтқырлығы және жылуөткізгіштігі болатын нақты тұтас дене едәуір күрделі Навье-Стокс теңдеулеріне бағыныш- ты болады. Бұл теңдеулерді шешу іс жүзінде қиын болғандықтан неміс ғалымы Людвиг Прандтль (1875 – 1953) ұсынған шекаралық қабат теориясының маңызы зор болды. Осы теория бойынша тұтқырлықтың және жылуөткізгіштіктің бүкіл әсері сұйықтар мен газдардың тек орағытылып өтетін бетке жанасатын жұқа қабатында ғана білінеді. Осы қабаттан тысқары аймақта ағын идеал сұ- йық теңдеулерімен, ал әлгі қабаттың ішінде Навье-Стокс теңдеулерімен сипатталады. Бұл теңдеулер аналитикалық немесе сан жүзіндегі шешімдерді береді.
Гидроаэромеханиканың сығылатын тұтас орталар қозғалыстарын зерттейтін саласы газ динамикасы деп аталған. Осы заманғы Гидроаэромеханика тармақтал- ған ғылым, көптеген ғылым салаларын қамтыған және де өзге ғылымдармен ең алдымен физикамен, математикамен және химиямен тығыз байланысқан. Сығылмайтын сұйықтардың қозғалысы гидродинамикада, ал газдар мен олар- дың қоспаларының, оның ішінде ауаның қозғалыстары аэродинамикада зерт- теледі. Гидроаэромеханиканың бөліміне сүзілу теориясы мен сұйықтардың толқындық қозғалысының теориясы жатады. Гидроаэромеханиканың техника- лық қолданылу саласын гидравлика және қолданбалық газ динамикасы, ал Гид- роаэромеханика заңдарын климат пен ауа райына қолдану мәселесімен метео- рология айналысады.
Гидроаэромеханиканың бірінші негізгі мәселесі – сұйықтар мен газдарда қозғалатын қатты денелерге және оның бөліктеріне әсер ететін күштерді анық- тау және денелердің өте тиімді пішіндерін табу болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *