ГИДРАВЛИКА

ГИДРАВЛИКА (грекше «гидро – су» + «аулос – түтік») – гидромеханиканың сұйықтардың қозғалысын және тепе-теңдік заңдарын инженерлік қолданысқа ендіру мәселелерімен шұғылданатын саласы. Гидравлика тұтқырлығы аз сығылмайтын сұйықтарды зерттейді. Қысымы мен тығыздығы тұрақты газ- дарға да гидравликаның негізгі заңдарын қолдануға болады. Гидравлика сұ- йықтың қозғалыс және тепе-теңдік заңдылықтарын анықтайтын теориялық және осы заңдарды инженерлік мақсаттарға қолданатын іс жүзінде пайдаланылатын гидравликаларға ажыратылған. Гидравликада тамшылы сұйықтардың қозғалыстары да зерттеледі, ол үшін сұйық әдетте сығылмайтын сұйық ретінде қарастырылады. Гидравликаның қорытындыларын газдар үшін де қолдануға болады, бұл үшін газдардың тығыздығының тұрақты деп есептелуі шарт. Іс жүзінде қолданбалық гидравликада сұйықтардың құбырлар ішінде ағуы, өзен және жасанды арналармен, саңылаулардан ағуы, кеуек орталардағы ағуы (сүзілуі) зерттеледі. Гидравликаның бүкіл тарауларында сұйықтардың орныққан және орнықпаған қозғалыстары қарастырылады. Осы қозғалыстар Бернулли теңдеуімен, үздіксіздік теңдеумен зерттеледі. Әртүрлі сұйықтар мен газдарды тасымалдау қажеттілігі гидравликаның қолданбалық маңызын арттырған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *