ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ

ГИГРОСКОПИЯЛЫҚ (грекше «гигрос – ылғалды» + «скопео – бақылай- мын»), гигроскоптық – материалдардың, заттардың ауадан ылғал сіңіру (жұту) қасиеті. Бұл қасиет материалдың немесе заттың сумен химиялық қосылыстар түзуі немесе капиллярлық конденсация, яғни капиллярлардың қуыстарында, микрожарықшақтарында сұйық фазаның түзілуі есебінен жүзеге асады. Капиллярлық-кеуек құрылымды материалдарға (мысалы, ағаш сүрегі) гигроскопиялық қасиет тән. Гигроскопиялық қасиет құралымдардың (конструкциялардың) ұзақ уақытқа шыдамдылығын бағалау кезінде ескеріледі. Кейбір гигроскопиялық заттар (мысалы, күкірт қышқылы) ауаны құрғату үшін пайдаланылады. Мұндай қасиет суда жақсы еритін заттарда да кездеседі (астұзы, қант, т.б.).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *