Ізтөлин Баймағамбет (1899-1921) – ақын. Бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Аққұрсақ болысы, Шәліңке ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы) туған. Пресногорьков мектебінде, Троицкідегі «Уазифа» медресесінде оқыған. «Ала топырақ», «Жалғыз жілік», «Өкпеге жауап», «Өмірім», «Соғыс», «Айым мен күнім» сияқты жырлары ақын атағын шығарады.
Петропавл қаласында мұсылман бюросы мен қазақ-татар клубында, Федоров аудандық оқу бөлімінде істеген. 1921 жылы кулактар көтерілісі кезінде қазаға ұшыраған.
А.Т.Ойсылбай филол.ғ.к