Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссарионович

 

Сталин (Джугашвили) Иосиф Виссарионович (1879-1953) – саяси қайраткер. Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы (19221953). Сталин Кеңес Одағын басқарған жылдары ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жүргізіліп, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халақ арасында жасанды ашаршылық пен босқыншылықты туғызып, ұжымдалуға қарсы шаруалар қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин Кеңес Одағында қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық зиялы қауым өкілдерін «халық жаулары» ретінде қуғындау науқаны күшейді. Одақтас республикалар мен ұлттық автономияларды саяси және экономикалық биліктен айырып, Кремльге тәуелді қылды. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқыны күшейді.

А.Т.Ойсылбай  филол.ғ.к.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *