Молдағалиев Жұбан (1920-1989) – ақын, қазіргі БҚО, Тайпақ ауданындағы Жыланды ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1948-1952 жж. «Лениншіл жас» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, 1958-1963 жж. «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметтерін атқарды. 1953-1954 және 1963-1971 жж. ҚЖО басқармасының екінші хатшысы, 1979-1983 жж. бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, көркемөнер және архитектура саласындағы Лениндік, Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі комитеттің, «Новый мир» журналының редколлегия мүшесі болған. 1970 жылы «Кісен ашқан» поэмасы үшін Қазақ КСРО мемлекеттік сыйлығын, 1978 жылы «Қыран дала», «Сел» поэмалары үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығын алған.
А.Т.Ойсылбай филол.ғ.к