ӘБУ АБДАЛЛАҺ ӘЛ-БАЛАСАҒҰНИ

ӘБУ АБДАЛЛАҺ ӘЛ-БАЛАСАҒҰНИ(1040/50 – 1112) – көрнекті дін өкілі. Баласағұни Шариғат заңы бойынша маманданып, Құранға түсіндірмелер (тәфсирлер) жазуға, Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) жайлы әңгімелерді (Хадистерді) сұрыптауға араласқан. “Сейхунның (Сырдарияның) арғы жағындағы Қашқарға жақын” үлкен шаһарлардың бірі — Баласағұнда дүниеге келген. Баласағұн Қыпшақ мемл. бірлестігіндегі сауда-саттығы, сыртқы қарым-қатынастары дамыған, рухани мәдениеті өркендеген қалалардың бірі болған. Арабтың белгілі тарихшы, саяхатшысы Йақұт әл-Хамауидің (12 ғ.) мәлімдеуінше, Баласағұни білімін Бағдатта жалғастырып, қази Әбу Абдаллаһ әл-Ханафиден дәріс алған. Араб тілі мен әдебиетін, тарихы мен филос-сын жақсы меңгерген. Араб жұртына “ат-Түрік” деген атпен бегілі болған. Иерусалимнің, Шам шаһарының сот мекемелерінде қызмет атқарған. Баласағұни шариғат заңы бойынша маманданып, Құранға түсіндірмелер (тәфсирлер) жазуға, Мұхаммед пайғамбар жайлы әңгімелерді (хадистерді) сұрыптауға араласқан. Ол белгілі бір мәселе бойынша үкім шығарып, билік айтуға ақыл мен аналогияға иек арту жөн деген Әбу Ханифа мазһабын қуаттады. Баласағұни шығармалары туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Қай жерде дүние салғаны да беймәлім. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *