«Феномен» – академик З.Қабдоловтың Халел Досмұхамедұлының шығармашылығына арналған арнайы зерттеу-мақаласы. Бұл мақала ғалымның «Көзқарас: Талдаулар мен толғаулар» (1996) және «Сөз өнері» (2007) атты кітабында жарық көрген. Мақала өзгертілмей сол түпнұсқа қалпында берілді. Ғалым: «Елін артынан ерткен қазақ зиялыларының «тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі – Ахаң» болғанда, оның туған, арман қуған аяулы айналасы, қасиетті қоршауы, ішінде де «еменге иір біткен бұтақтай» қадау-қадау қайтпас, қайсар, тұрлаулы тұлғалары Әлихан Бөкейханов, Mipжақып Дулатов, Мұстафа Шоқаев … десек, осылар қатарында Досмұхамедұлы Халел тұрады», – дейді.
Осынау жарық жұлдыздар шоғыры секілді бес алыптың әрқайсысы тек халқым деп туған, халқым деп қана өмір сүрген, тумысынан, тіпті, сәби кезінен-ақ бесікте тербелген еркелер емес, ел-жұртын рухани бесікте өздері тербету үшін жаралған серкелер екенін солардың әрқайсысының атынан Міржақып Дулатов дәл айтқан:
«Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш, Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,
Пайдалан, шаруаңа жараса, Алаш!» –
Барлық саналы өмірін, тіпті бүкіл ғұмырын «жар ты жаңқасы қалғанша» ұлт мүддесіне арнаған осы бес арыс: Арқада Ахаң мен Жахаң, Шығыста Әлихан, Түстікте Мұстафа, Батыста Халел – шын мәнінде халқымыздың Ояну дәуірі туғызған алыптары екені рас.
А.Т.Ойсылбай филол.ғ.к.