ИДИОЛЕКТ
Идиолект (грек. idios — өзіндік, ерекше және dialect) – нақты индивидтің тіліне тән ерекшеліктердің жиынтығы. Идиолект термині диалект терминімен астасып жатыр. Алайда диалектіде тұтас бір аймаққа, жеке топтар мен ұжымдарға тән жергілікті не әлеуметтік сипат болса, идиолектіде жеке адамның кәсіби, әлеуметтік, психофизиологиялық, этикалық т.б. ұстанымдарының негізінде қалыптас қан тұлғалық тіл ерекшеліктері көрінеді. Тіл жеке адамға тәуелсіз объективті өмір сүретін бұқаралық сипаты басым қарым-қатынас құралы десек те, жеке адамның тіл мәдениетіне, оның тазалығы мен көркемдік қуатының артуына қосатын үлесін жоққа шығаруға болмайды. Сол себепті жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның идио лектісі мейлінше әдеби нормаға жақын болуын қадағалаған жөн.
Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 201