ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ

ӘБДІРОВ ЕСКЕРТКІШІ - Қарағанды қаласында Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровке қойылған ескерткіш (1958 ж., сәулетші Л.Е. Воробьев, мүсіншілер А.П. Билык, Ю.В. Гуммель). Ұшқыш-сержант Әбдіровтің (1919 — 42) беліне дейінгі денесін бейнелейтін мүсін сына тәрізді биік тұғырға қойылған. Мүсіннің кейіпкермен түр ұқсастығы, киім формасының дәлдігі ескерткіштің жетістігі болып табылады. Мүсіншілер батырдың жанып бара жатқан самолетті Сталинград (қазіргі Волгоград) түбінде тұрған жау техникасы шоғырланған тұсқа бағыттаған, дәл ерлік жасар сәтіндегі өжет шешімге келген жүзін анық көрсеткен. Шойыннан құйылған мүсіннің биіктігі 4,8 м., мәрмәр тақтамен қапталған. Жалпы биіктігі 9 м. ескерткіш үлкен көшемен жақсы жарасым тапқан. 1985 ж. ескі тұғыр жаңартылды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *