Аралас буынды өлең

Аралас буынды өлең. Мұның түрлері көп. Абай туғызған түрлері тіпті көп және қазақ өлеңінің Қазаннан кейінгі дамуына (ойға бағынған еркін өлшемдерге) сәйкес, әр ақынның тың пішін іздеу, түр табу нәтижелеріне қарай көбейе бермек.

 

V

Өлеңді өлең ететін ырғақпен қатар ұйқас екені белгілі, ал ұйқас яки рифма (грекше rhythmos өлшемдес, мөлшерлес) – клаузуладағы, кейде тіпті цезурадағы дыбыс қайталаулар, дәлірек айтқанда өлең тармақтарындағы сөз аяқтарының үндестігі, өзара ұқсас, дыбыстас естілуі. Ұйқас – өлеңнің сыртқы түріне ғана емес, ішкі сырына тікелей қатысты нәрсе. Өлеңнің сыртқы сұлулығы үшін емес, ішкі жылуы, қызуы үшін де ауадай қажет нәрсе.

Поэтикалық синтаксистегі айшықтың (фигураның) мәні қандай болса, өлең сөздегі ұйқастың мәні де сондай. Ұйқастың маңызы әсіресе силлабикалық өлең үшін орасан зор.

 «Қазақ поэзиясында ұйқастардың түрі көп, – деп жазады Қ.Жұмалиев, – бірақ ең негізгі және көп қолданылатыны мыналар: 1. қара өлең ұйқасы;

  1. шұбыртпалы ұйқас; 3. ерікті ұйқас; 4. кезекті ұйқас; 5. шалыс ұйқас; 6. егіз ұйқас; 7. аралас ұйқас; 8.осы күнгі ерікті ұйқастар»[1].

[1] Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1960. 183-б.

З.ҚАБДОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *