ЖАРГОН Жаргон (франц. jargon) – шағын әлеуметтік топ қолданатын, ешқандай жеке тілдік дербестігі жоқ жалпыхалықтық тілдің тармағы. Жаргон қоғамдық немесе тарихи құбылыстардың нәтижесінде, тұрғындардың ішіндегі нақты және салыстырмалы түрде тұрақты әлеуметтік топтардың арасында пайда болады. Жаргондық лексиканың мағынасы өзге топ өкілдеріне түсініксіз болғанымен, топ мүшелері үшін айқын болып келеді. Жаргондар белгілі бір топ мүшелері өздерін қоршаған ортадан әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан оқшаулағысы келген жағдайда туындайды. Бұл тармаққа жататын сөздерді әлеу меттік лингвистика зерттейді. Жаргонның жал пыхалықтық тілден айыр машылығы оның лексикасы мен фразеологиясында. Жаргондарды кей де сленг сөздер деп те атайды. Жаргон сөздер әдеби тілдің құрамына енбейді және мұндай сөздердің экспрессивті-стилдік бояуы да солғын болып келеді. Жаргондарды көркем әдебиет стилінен басқа стильде қолдану өрескел норма бұзушылық болып табылады. Көркем әдебиет стилінде кейіпкердің мінезін ашу барысында немесе пародиялау үшін экспрессивті тәсіл ретінде автор жаргондарды қолдана алады. Басқаша жағдайда жаргондарды қолдану шығарманың көркемдік құндылығына нұқсан келтіреді.