ДӨРЕКІ ТІЛ
Дөрекі тіл — сөздің жағымсыз, кері әсерін әсірелеп қолдануға негізделген тіл. Ол дөкір, былапат және жаргон сөздерді қолданудың нәтижесінде пайда болады. Дөрекі тіл көбіне ауызекі сөйлеу стилінде қолданылады. Мұндай бейәдеби сөздер әдеби тілге, әдеби тілдің лексикалық нормаларына, жалпы тіл мәдениетіне жат құбылыс болып табылады. Десек те, кей жазушылардың стильдік мақсатта пайда лануына сәйкес дөкір сөздер көркем әдебиетте көрініс алып жүр. Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын дөкір сөздерді кейіп кердің бейнесін аша түсу үшін диалогта қолдануға болады, ал автордың баяндауында қолдану тіл мәдениетіне кір келтіреді. Дөкір тілді қолданудың қазақ әдебиетіндегі озық үлгісі ретінде Абай Құнанбайұлы шығармаларын алуға болады. Сол кездегі исі қазақтың мінез-құлықындағы кесапаттарды сынап, тыңдарманның жиреніш сезімдерін тудыру үшін ұлы ақын дөрекі тілді шебер қолданады.
Ақынның халық поэзиясы үлгісімен жазылған өлеңдеріндегі «…Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып» деген жолдардағы анайы бейнелеудің астарлы мағынасы бар. Абайдың екінші қарасөзіндегі «…Біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әкә-үкә» десіп, шығып кетсе қызын боқтасқан «сарт-сұрт» деген осы» — деп қазақтың мінезін сынаған тұстарында да дөрекі тіл қазақы сананы ояту үшін қолданылған. Дөкір тілдің бір көрінісі «Есектің артын жу да мал тап, ойнас қыл да бала тап», «Көңілсіз қатыннан көтсіз бала туады», «Бірде биенікі, бірде түйенікі», «Иттің боғы дәрі болса, дарияға барып сариды», «Сенген серкем сен болсаң, мүйізіңе сиейін», «Тышқан құйрығын көріп жаралы болыпты» сияқты мақалмәтелдерді, шілдің боғындай бытырау, жегені у, ішкені зәр болу, көк инені көтіне түртпеу, сідік шаптырым жер, көтінен су аққанша отыру т.б. қарапайым фразеологиялық оралымдарды ел арасынан әлі де кездестіруге болады. Халық паремеологиясына тән осындай стильдік қолданыстарды көркем шығармада пайдалану арқылы автор кейіпкердің мінезін сомдап, замана бейнесін дөп беруге ұмтылады немесе жаманнан жирендіру арқылы жас ұрпаққа өнеге айтад