Он бір буынды өлең

Он бір буынды өлең. Бұл – қазақ өлеңінің қашаннан келе жатқан көне түрі. Есте жоқ ерте замандағы ауыз әдебиетінің әсем үлгілерінен осы күнгі жазба поэзиямыздың ең соңғы туындыларына дейін, баяғы суырып салма сөз сайысынан қазіргі қолма-қол экспромтқа дейін, кешегі «Қаратаудың басынан көш келедіден» (Халық әні) бүгінгі «Ассалаумағалайкум, Алатауыма» (Мақатаев) дейін он бір буынмен жазылмаған өлең жоқ.

Қара өлең демекші, он бір буынды өлеңді Шоқан Уәлиханов үш түрге бөліл, той-думанда, ойын-сауықта айтылатын, әр шумағы төрт тармақты әзіл, әжуа, жұмбақ, айтыс өлеңдерін – қайым өлең, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сияқты ұзақ дастандар мен хиссалар әуенін – қара өлең, өз тұсындағы ақындар қолданып жүрген өзге машықтың бәрін – өлең атағаны[1] мәлім.

[1] Валиханов Ч.Ч. Соч., СПБ, 1904. стр. 227-228.

З.ҚАБДОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *