ӘБДІРАШИТ НӘБИҰЛЫ БАЙБОЛАТОВ

ӘБДІРАШИТ НӘБИҰЛЫ БАЙБОЛАТОВ(4 маусым 1929 ж.т., Шыңжаң, Іле аймағы, Тоғызтарау ауданы Ақтөбе ауылы) — ақын, жазушы, фольклоршы. Шыңжаң жазушылар одағының мүшесі. “Үш аймақ әскеріне” қатысқан. 1975 — 1982 ж. Шыңжаң жазушылар одағының органы “Шұғыла” журналының 1982 ж. “Мұра” журналының бас редакторы болды. Алғашқы өлеңі 1948 ж. жарияланған.“Өмір қайығында” өлеңдер жинағы (1983, Пекин), “Қос емен” повестер жинағы (1987, Пекин), “Тау қыраны” романы (1990, Үрімші) жарық көрді. “Тау қыранында” 1944—1949 ж. Шыңжаңда ұлт азаттығы үшін гоминданшылармен шайқасқан қазақ азаматтарының ерлік іс-әрекеттерін суреттеген. Ол 1982 жылдан бастап қазақ ауыз әдебиетін жинау, жүйелеу және баспадан шығару жұмысына басшылық етіп: “Қазақтың ғашықтық жырларын” (3 т.), “Қазақ қиссаларын” (12 т.), “Қазақ шежіресін” (1 т.), “Қазақ шешендері мен шешендік сөздерін” (2 т.), “Байырғы қазақ айтыстарын” (1 т.) баспадан шығарды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *