
ГАЛО (грекше «һалос – дөңгелек») – Күннің немесе Айдың дискісінің төңірегінде пайда болатын жарық сақина. Бұл сақина атмосферадағы оптикалық құбылыстардың бірі. Гало кейдешеңбер, бірнеше доға немесе жарқырауық крест (айқасқан) түрінде байқалады. Халық арасында Күн мен Айдың құлақтануы деп аталатын құбылыс та осы галоның бір түрі. Гало ұсақ мұз кристалдарынан құралған қауырсын тәрізді ақшыл түсті бұлтты немесе басқадай бұлтты күндер мен түндерде байқалады. Аязды күні ауада мұздың ұсақ кристалдары болса, галоның пайда болуы әбден мүмкін. Гало жарықтың мұз кристалдарынан өтуі кезінде сыну және кристалдардың қырларынан шағылысу құбылыстарына ұшырауының нәтижесінде пайда болады. Жарықтың сынуы галоға сәл ғана түрлі түсті рең береді. Жарықтың шағылысуы кезінде гало
кристалдарының пішіндерінің – дұрыс пішіндер болмауында. Галоның пайда болуы үшін мұз кристалдарының дұрыс пішінді болуы қажет, кристалдардың алты қырлы призма болуы және кейбір жағдайларда әлгі призмалардың екі
Мұз кристалындағы жарық сәу-
ленің жолы кристалдарының дұрыс пішінді болуына тәуелді.
Гало мен кемпірқосақтың пайда болу табиғаты
жөнінен бір-біріне «туыстас». Кемпірқосақтың жарық сәулесінің жаңбыр тамшыларынан сыну және шашыратылу құбылыстарына ұшырауы нәтижесінде пайда болса, галоның пайда болуы жарықтың бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы мен шағылысуына байланысты туа-
ды. Бақылаушы кемпірқосақты Күнге Көлденең (көкжиектік) шеңбер тудыратын кристалдар пішіні.
қарама-қарсы жақтан байқайтын болса, гало сақиналары Күннің дискісінің төңірегінен көрінеді.