
ГАЗ ТҰРАҚТЫСЫ (R) – 1 моль идеал газ күйінің теңдеуіне енетін әмбебап физикалық тұрақты шама: рυ=RT, мұндағы р – қысым, υ – моль көлемі, Т – абсолюттік температура, Газ тұрақтысының физикалық мағынасы – тұрақты қысым түсіп тұрған 1 моль идеал газдың 1 К температураға қыздырылуы кезінде көлемді ұлғайту жұмысына тең. Екінші жағынан газ тұрақтысы – тұрақты қысым және тұрақты көлем кезіндегі молярлық жылусыйымдылықтың айырымы: ср – сv = R (асасиретілген газдар үшін). Газ тұрақтысының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі сан мәндері: 8,31441 (26) Дж/моль·К). Өзге бірліктерде R=8,314∙10–7эрг/(моль∙К)=1,9872кал/(моль∙К)=82,057 см3·атм/(моль·К).