ӘБДІЛДИН МЕЙІРХАН МҮБӘРӘКҰЛЫ

ӘБДІЛДИН МЕЙІРХАН МҮБӘРӘКҰЛЫ(16 наурыз 1938 ж.т., қазіргі Ресей Федерациясы, Алтай өлкесі, Троицк ауд., Загаиново с.) —  ғалым, физ.-матем. ғыл. докторы (1985), проф. (1986). Қазақстан ғылым академиясының корр. мүшесі (1989). ҚазМУ-ды бітірген (1959). 

1959 — 1961  жж. Қазақ КСР ғылым академиясының Ядролық физика, Астрофизика институттарында ғыл. қызметтер атқарды. 1970 жылдан ҚазМҰУ-да кафедра меңгерушісі, проф., университет ректоры (1988 — 91),кафедра меңгерушісі. Әбділдиннің негізгі ғыл.-зерт. жұмыстары салыстырмалық және гравитациялық теорияның күрделі мәселелерін шешуге арналған. Альберт Эйнштейннің жалпы салыстырмалық теориясындағы денелер қозғалысы проблемасын зерттеді, денелердің ілгерілемелі және айналмалы қозғалысының релятивистік теңдеулерін негіздеді, Альберт Эйнштейннің гравитация теориясы механикасының мәселелерін зерттеудің жаңа әдістерін дамытты, жалпы салыстырмалылық теориясы негізінде денелер қозғалысының адиабаттық теориясын түзеді, дененің меншікті айналысы жөніндегі мәселелерді зерттеуде гидродинамикалық аналогияны қолдану идеясын ұсынды. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *