
ВЕНТИЛ (немісше – қақпақ) – электр тогының бағытына тәуелді жоғары (тура бағыттағы токтар үшін) өткізгіштігі болатын электрлік аспап. Осы ерекшелігі вентильдерді ток түзеткіштер, инверторлар, жиілік түрлендірушілер, коммутациялық құрылғылар ретінде пайдалануға мүмкіндік берген. Вентильдік эффект металл және электролит (электролиттік вентиль), металл және газ (газразрядты вентиль) шекараларында пайда болады.