
ВАТТМЕТР (ватт + … метр) – электр тізбегіндегі қуатты өлшеуге [ал айнымалы ток тізбегінде – активті қуатты – р =UI cos φ (мұндағы U-кернеу, I – электр тогының күші, φ – синусоидалы өзгеретін ток пен кернеу арасындағы фаза- лық бұрыш] өлшеуге арналған аспап. Аспаптың негізгі бөлігі электрөлшеуіш тетік.