
ВАТТ (Вт, W) – механикалық қуаттың, сондай-ақ электр тізбегінің активті қуатының, жылулық ағынның немесе сәулелер ағынының Халықаралық бірліктер жүйесіндегі (СИ) өлшеу бірлігі. 1 Вт механикалық қуатқа эквивалентті бірлік; ағылшын өнертапқышы Джеймс Уаттың (1736–1819) құрметіне аталған. 1 Вт қуат 1 секундта істелетін 1 Дж жұмысқа тең; 1 Вт=107эрг/сек=0,102 кг күш∙м/ сек=1,36∙10–3 ат күші (а.к.).