
ВАРМЕТР (вар «вальт-ампер реактивті» + «метрео – өлшеймін») – айнымалы токтың электр тізбектеріндегі реактивтік қуатты (Q) өлшеуге арналған аспап: Q=UІ sin φ, мұндағы U-кернеу, I – электр тогының күші, φ – синусоидалы өзгермелі ток пен кернеу арасындағы фазалық бұрыш. Өндірістік жиіліктік (50 гц) айнымалы ток үшфазалы тізбектерде қолданылады. Варметрдің тізбекке қосылу сұлбасы ваттметрдің қосылуына ұқсас. Варметрдің негізін электрөлшеуіш механизмдер құрайды.