ВАН-дер-ВААЛЬС ТЕҢДЕУІ

ВАН-дер-ВААЛЬС ТЕҢДЕУІ – нақты газ күйінің теңдеуі. Бұл нақты газ күйлерінің ең алғашқыларының бірі, мұны 1873 ж. голланд физигі Иоханнес Ван дер Ваальс (1837–1923) ұсынған. V көлемді Т температура және р қысымды газ молі үшін мына түрде болады: (р+а/V2) (V–b) = RТ, мұндағы R – әмбебап газ тұрақтысы, ал а және b – нақты газдың, идеал газдың қасиеттерінен ауытқуын есепке алатын қасиеттерінің тәжірибелік тұрақты шамалары. а/V2 мүшесі қысымның өлшемділігіне тең және молекулалық өзараәсерлесу нәтижесінде молекулалардың тартылыстарын ескереді, ал а b – жақын қашықтықтағы молекулалардың біріненбірінің тебілуін ескеретін меншікті көлемге енгізілетін түзету. V үлкен шама болған кезде (сонымен бірге сиретілген газдар үшін) а және b тұрақты шамаларды ескермеуге болады және теңдеу идеал газ күйінің (Клапейрон теңдеуіне) теңдеуіне ауысады.
Ван-дер-Ваальс теңдеуі тек Т – жоғары температура және р – төменгі қысым болған жағдайда ғана нақты газдардың қасиеттерінің жуық шамалы теңдеуі болады. Бірақ р – жоғары қысым болған кезде газдың сұйыққа айналуын және кризистік күйін сипаттауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *