ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕКТЕРІ МЕН ТҮРЛЕРІ

Көркем әдебиетті эпос, лирика, драма деп үш топқа жіктеуге болады. Бұлай жіктеуді әдебиетті тегіне қарап бөлу деп атайды. Ғылыми зерттеулерде әдебиет тектерін (литературные роды) жанр[1] деп те атайды.

[1] Жанр (французша – gener) – тек, түр. Бұрын да, кейін де «әдебиеттің тектері» деудің орнына «жанр» дейтін. Эпостық жанр, лирикалық жанр, драмалық жанр. Дұрысының өзі де осы. Л.Тимофеев пен Н.Вен¬гров: «Әдебиет тегін жанр деп атау дұрысырақ»,– дейді. Біз де осы пікірге қосыламыз. Сондықтан бұл кітапта әдебиет тегі мен әдебиет жанры деген терминдер бір ұғымда қолданылады.

Кейбір әдебиетшілер «жанр» деген терминді әдебиеттің тегіне емес, түріне қолданалық дегенді ұсынып жүр, бірақ бұл, бізше, дұрыс емес. Біріншіден, жанр ғасырлар бойы әдебиеттің тегі мағынасында қолданылып келді. Екінші, тіл мамандары, француздың тілінде бұл сөздің ең дәл мағынасы – тегі, «түр» қосалқы ұғымда айтылатындығын растайды.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *