БӨЛШЕКТЕРДІҢ СОҚТЫҒЫСУЛАРЫ

БӨЛШЕКТЕРДІҢ СОҚТЫҒЫСУЛАРЫ – екі немесе одан да көп атомдық бөлшектердің (атомдардың, молекулалардың, иондардың, электрондардың) қарапайым шашырау актісі. «Бөлшектердің соқтығысулары» ұғымының бөлшектердің өзараәсерлесу актісіне дейін және одан кейін де олар бос болатын жағдайларда ғана мәні болады. Осы талап газдарда әрқашан орындалады, ал осы талап конденсацияланған орталарда бөлшектердің жеткілікті жоғары энергиялар (бірнеше ондаған эВ) болған кезде ғана тура болады. Бөлшектердің соқтығысулары ядролардың күйі өзгермейтін кезде атомдық соқтығысулар, ал әлгі күй өзгеретін жағдайда ядролық соқтығысулар деп аталған. Электроникада атомдық бөлшектердің соқтығысулары маңызды болады; олар заттар тасымалдау үрдістерін (тұтқырлық, жылуөткізгіштік, диффузияны), электр тогының орталардан өтуін, иондалуды, ионсыздануды және басқа кинетикалық құбылыстарды анықтайды. Атомдық бөлшектердің соқтығысулары с е р п і м д і және с е р п і м с і з соқтығысуларға ажыратылған. Бөлшектердің серпімді соқтығысулары кезінде соқтығысушы бөлшектердің қосынды кинетикалық энергиясы бастапқы қалпында қалады, тек әлгі бөлшектер арасында қайтадан бөлінетін болады. Бөлшектердің серпімсіз соқтығысулары кезінде соқтығысатын бөлшектердің ішкі энергиясы өзгереді және олардың қосынды кинетикалық энергиясы сәйкес түрде өзгеретін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *