
БОЛЬЦМАН ТҰРАҚТЫСЫ – газ тұрақтысының (R) Авогадро тұрақтысына
(NА) қатынасына тең, іргелі физикалық тұрақты шамалардың бірі; k – әрпі арқылы белгіленеді, яғни k=R/NA. Оның сан мәні: k = 1,380662·10–23 Дж/К. Австрия физигі Больцманның құрметіне аталған. Бұл мән R және NА тұрақтылары бойынша анықталады. Больцман тұрақтысын тікелей жылулық сәуле шығару заңдарын тәжірибе жүзінде тексеру арқылы анықтауға болады.