
БОЛЬЦМАН СТАТИКАСЫ – классикалық механика заңдары бойынша (яғни классикалық идеал газдың қасиеттері) қозғалатын өзараәсерлеспейтін көптеген бөлшектері болатын жүйенің физикалық қасиеттерін сипаттайтын статикалық әдіс. 1868 – 1871 ж. австриялық теорияшыл физик Людвиг Больцман (1844 – 1906) тұжырымдаған. Бұл статика сиретілген молекулалық газдарға және газ разрядындағы плазмаға қолданылады.