Осы күнгі ерікті ұйқастар

Осы күнгі ерікті ұйқастар. Біз өлең құрылысын тексергенде, қазақ өлеңдерінің көпшілігі-ақ 11 буынды өлең және 7-8 буынмен жазылған. Абайға дейінгі өлең 11, 8, 7 буынды өлеңнен құралды, өзгешеліктер болса, әнге салынып айтылатын өлеңде ғана болды. Бұлардың жай 11 буынды өлеңнен айырмасы 11 буынды өлең тармағы үш бунақтан құралса, бұлар төрт бунақтан құралады. 11 буынды өлеңнің буынынан тыс не 2 буынды, не 3 буынды бунақ қосылады. Сол әннің ырғағына қарай түрлі ұйқас болады. «Жар-жар» осыған жатады. Бұл өлеңге бір бунақ қосылған. Мұны біз бұрын айтқанбыз. Ұйқас өзгешелігі «Жар-жар» деген жолдың аяғы да «р» дыбысымен тынады. 2 буыннан өз алдына бунақ, тармақ жасалады.

Өлеңге жалпы түр кіргізуші – Абай. Ұйқас жағынан да көп өзгешелік кіргізді. Абайдан түрлі ұйқастар табылады, ол қазақ өлеңдерінің буын, бунақтарын әртүрлі жолдармен, әртүрлі етіп иіп келтірсе де, бір өлшемге бағынып отыратыны сықылды, ұйқастары белгілі тәртіптен тыс шықпайды. Көбі-ақ әнге бағынады, әнге бағынбайтын өлеңі сирек. Сондықтан буын, бунақ ұйқастары да сонымен нық байланысты.

Осы күнгі ерікті ұйқастардың бұрынғы жырда келетін ерікті ұйқастардан айырмасы жыр өлеңдерінің ұйқастары ерікті түрде келгенмен, әр тармағының буын сандары белгілі мөлшерден онша көп аспайды. Көбіне-ақ 7-8 буын болып отырады. Ал осы күнгі ерікті ұйқастардың әр тармағының буын сандары артық, кемді келе береді.

Осы күнгі ерікті ұйқасты өлең құрылысына тоқтағандағы мақсатымыз толық анализ беру, түрлі жақтарын қалдырмай, талдап түсіндіру емес, өлеңнің бұл құрылысынан оқушыларымыз хабардар болсын дедік.

Қ.ЖҰМАЛИЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *